Көлік ішінде қысылып қалған 70 жастағы қарт құтқарылды - Қызылорда облысы

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында құтқарушылар жол-көлік оқиғасында көлік ішінде қысылып қалған 70 жастағы қартты құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға Жаңақорған ауданы аумағында болды. Қырық жастағы азамат «Mitsubishi Space Wagon» автокөлігімен аудан орталығынан Сунақата ауылына баара жатқан. Ол «Шымкент-Самара» тас жолының бойында Түркістан облысынан Қызылорда қаласына бағыт алған «Mercedes benz 817» жүк көлігімен соқтығысқан.

«Оқиға орнына Жаңақорған аудандық өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері жетті. Мамандар «Holmatro» гидравликалық құрылғысын пайдаланып, жеңіл автокөлікте қысылып қалған 70 жастағы қартты алып шықты. Оқиға орнына облыстық №14 өрт сөндіру бөлімі қызметінің 5 маманы арнайы автокөлікпен, төтенше жағдайлар бөлімінің 1 маманы барды», - деп мәлім етті облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.

Бұған дейін Қызылордада Ресейге бет алған жүк көлігінің өртеніп кеткені хабарланған болатын.


Соңғы жаңалықтар