Көлік дөңгелегі, пластик бөтелке, пенопласт – Құтқарушылар шомылуға пайдалануға болмайтын заттарды атады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат –Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Азамат Құсайынов әкімдіктің баспасөз мәслихатында суда шомылу кезінде пайдалануға болмайтын заттарды атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Астана қаласы төтенше жағдайлар департаменті ескертеді. Суда болған кезде шомылу аймағының шегін көрсететін қалқыма белгіден асуға болмайды. Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар. Су қоймаларының жанында және бейтаныс орындарда шомылмаңыздар», - деді маман.

Оның айтуынша, суға түскен кезде шомылуға арнайы жасалған бұйымдарды ғана пайдалану керек.

«Жүзуге арналмаған заттарды пайдалануға болмайды. Олар: автомобиль камералары, пенапласт, пластикалық бөтелкелер және т.б. бейтаныс жерлерде жалғыз шомылуға болмайды», - деді Азамат Құсайынов.


Соңғы жаңалықтар