Көлік апатынан екі аяғынан айырылған келіншек алғаш рет оқиғаның мән-жайын айтып берді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Көлік апатында екі аяғынан айырылған алматылық келіншек Екатерина Парафиева алғаш рет оқиғаның мән-жайын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жапа шеккен келіншектің қорғаушысы Жанна Мухамади әлеуметтік желіде онымен кездескенін жазды. Оның мәліметіне сүйенсек, Екатерина сол күні болған жайдың әр сәтін есіне сақтап қалған. Бәрі-бәрі есінде. Ол, сондай-ақ, екінші жапа шегуші Найля Кажибаевамен де сөйлесіп, оның айтқандары мен Экатеринаның мәліметтері бірдей екендігіне де көз жеткізген.

«Олардың айтуынша, Катя мен Найля Әл-Фараби даңғылы бойымен батысты бетке алып сол жақ шеткі жолақпен келе жатқан. Науауи көшесіне жете бере, Тұңғыш Президент паркіне қарама-қарсы тұста, көліктің оң жақ артқы доңғалағы жаңбыр суы ағатын құдыққа түсіп кеткен де, доңғалақ жарылып қалған. Осының салдарынан көлік жол бойында оңды-солға шайқала бастаған. Катя тәжірибелі жүргізуші болғандықтан өз жолағынан шығып кетпей, көлікті дереу тоқтатқан. Осыдан соң олар апаттық сигналды қосып, доңғалақтағы ақауды қарауға көліктен шыққан. Не болғанына көз жеткізген соң олар көліктің жүксалғышына барып, апаттық белгіні алмақ болады. Осы сәтте Тойота Камри көлігі келіп соғылған», - дейді қорғаушы Фейсбуктегі парақшасында.

Одан әрі ол бұған дейін кейбір БАҚ-та Нейляның анасы көлік доңғалағы кәріз құдығына жетпей жарылғанын айтқандығы туралы ақпарат тарағанын, оның шындыққа жанаспайтынын жазады. 

«Катяның атынан БАҚ өкілдерінен ондай негізсіз ақпаратты таратпауды сұраймын. Бұл іске қатысты бірнеше сараптама тағайындалады. Соның ішінде трасологиялық сараптама да болады», - дейді Жанна Мухамади.

Сондай-ақ, қорғаушы Екатеринаның хал-жағдайы туралы жа мәлімет келтіреді: «Катя бүгінде палатада жатыр. Оған тек жақындарын ғана кіргізеді. Катя мен оның жанұясы осы күндері қан тапсырып, қаржы жинап, оған қолдау көрсеткен барша қазақстандықтарға алғысын айтады... Ол енді бұндай қайғылы оқиғаның қайталанбағанын, ешкімнің басына түспеуін тілейді».

Соңғы жаңалықтар