Көлік апаттарының 95 пайызы жүргізушілердің кінәсінен болады - ІІМ

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Көлік апаттарының 95 пайызы жүргізушілердің кінәсінен болады. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова осындай мәлімет айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жол-көлік оқиғаларының 95 пайызы жүргізушілердің кінәсінен болады. Сонымен қатар, абайсыздық пен салғырттықтың кесірі де бар», - деді ІІМ аға инспекторы.

Ақтоты Боранова жүргізушілерді көліктер арасындағы қауіпсіз жылдамдық пен қашықтық режимдерін қатаң сақтауға шақырды.

«Ауа райына байланысты тағы бір маңызды мәселе бар. Әсіресе, солтүстік аймақтарда көлік иелеріне ауа райының өзгеруін мұқият бақылау керек. Күн райы нашарлаған жағдайда, елді мекендерден тыс сапарларды шектеу керек», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар