+7 (701) 759 90 19
USD 377.09 EUR 407.37
RUB 5.93 CNY 53.95
Jańalyqtar

Көлік алуға барған қазақстандықтар Арменияда алданып қалып жатыр – ІІМ

2020 жылғы 21 қаңтар 16:45
Бөлісіңіз:
Көлік алуға барған қазақстандықтар Арменияда алданып қалып жатыр – ІІМ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев Арменияға көлік алуға барған азаматтардан арыз түсіп жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шетелдік көліктерді тіркеуге шақырып жатқандағы тағы бір маңызды себеп – біз алдағы уақытта тіркелуі қиын болып кететін шетелдік көліктерді сатып алуда азаматтарымызды сақ болуға шақырамыз. Қолда мынадай ақпарат бар: біздің кей азаматтар Армения азаматтарымен бірге әртүрлі айла-шарғыны пайдалануда. Мәселен олар уақытша тұратын азамат мәртебесін алудан бастап уақытша тіркеу картасын алуға дейінгі қулықтарды ойластырады», - деді Марат Қожаев ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Вице-министрдің айтуынша, қазіргі уақытта ІІМ республикадағы басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп, әкімшілік және көші-қон комитетінің мамандарын Арменияға жіберіп отыр. Олар армениялық әріптестерімен бірге қазақстандық және армяндық азаматтардың істерінің заңдылығын тексермек.

«Арменияда алданып қалған Қазақстан азаматтары бізге шағым түсіріп жатыр. Олар сол жақта алданып, шығынды батқан. Біз әу баста бұл мәселені БАҚ-қа шағын хабарлама түрінде таратқан едік. Алайда көліктер ЕАЭО елдерінен көптеп кіргізіле бастағаннан кейін тікелей телефон желісін іске қостық. Сондай-ақ, «Жолда қабылдау» шарасын қолға алдық. Бұл жұмыстарды ең алдымен азаматтарымызды қорғау үшін жасап жатырмыз», - деді ол.

Айта кетсек, бұған дейін ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев құқық қорғаушылар неліктен Армения мен Қырғыз Республикасынан әкелінген көліктерді тіркеуге шақырып жатқанын айтып берген еді.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Армения, ҚР ІІМ, Көлік,
Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT