Көлігіне ксенон таққан 800-ден астам атыраулық жүргізуші жазаланды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда көлігіне ксенон, лэд шамдарын таққан 800-ден астам жүргізуші жазаланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жолда жүру ережесін бұзушылар арасында көлігіне ксенон, лэд шамдарын салған жүргізушілер көбейген. Жыл басынан бері осындай 800-ден астам жүргізуші анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

«Мұндай жарық шамдарын қондырған көлік жүргізушілері жолдың қарсы бағытындағы қозғалыс қауіпсіздігіне кері әсерін тигізіп, көптеген наразылық тудырады. Мәселен, 4 қыркүйекте сағат 22:04 шамасында С.Датов-Ш.Уәлиханов көшелерінің қиылысында «Kia Cerato» маркалы автокөлігі тоқтатылды. Тексеру кезінде 33 жастағы жүргізушінің көлігіндегі ксенон шамын жағып, келе жатқаны анықталды. Жүргізуші мұндай бұзушылықты екінші рет қайталағаны белгілі болды. Аталған жүргузшіге қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 590-бабының 5-бөлімімен (Сыртқы жарық беру аспаптар деректері көлік құралының конструкция талаптарына сәйкес келмейтіні үшін) әкімшілік хаттама толтырылып, 14 585 тенге көлемінде айыппұл салынды» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда айыппұлын төлемей жүрген 26 жүргізуші ұсталған болатын.


Соңғы жаңалықтар