+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 389.52 EUR 429.21
RUB 6.07 CNY 54.94
Jańalyqtar

Көлігіне киік етін тиеген қарағандылық ұсталды

2019 жылғы 7 тамыз 13:39
Бөлісіңіз:
Көлігіне киік етін тиеген қарағандылық ұсталды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облыстық табиғатты қорғау полициясы көлігінде киік етін тасымалдап бара жатқан азаматты ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Браконьерлер бір жарым жылда 700-ден астам киікті  қырып салған Киіктерді көлігімен соғып өлтірген қостанайлық ұсталды Қазақстанда киік санағын әуеден дрон көмегімен жүргізеді

5 тамызда табиғатты қорғау полициясы заңсыз киік аулаудың алдын алу және жолын кесу бойынша жүргізілген іс-шаралар барысында «Жезқазған-Есіл-Петропавл» тас жолының бойында Сәтбаев қаласының аумағында Қарағанды қаласының 47 жасар тұрғынының басқаруындағы «Тайота-Сюрф» автокөлігін тоқтатты.

«Көлікке жүргізілген тексеріс жұмыстары барысында автокөліктің жүк салғышынан 2 пакетке оралған ет тәркіленді. Көлік жүргізушісі табылған еттің киік еті екенін және оны белгісіз азаматтан сатып алғандығы туралы түсініктеме берді», - деп мәлімдеді Қарағанды облыстық ПД баспасөз қызметінде.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері тиісті сараптама тағайындап, тергеу амалдарын жүргізуде.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT