Көлігіне ит байлап, сүйреген жүргізушіге қатысты хаттама толтырылды

None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттік полицейлер әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында белгісіз адамның қала көшелерінің бірінде Opel Astra автокөлігіне байланған итті сүйреп бара жатқан бейнежазбаға назар аударды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жедел басқару орталығының инспекторлары «Қорғау» қосымшасының көмегімен көліктің қозғалған орны мен жүргізушінің жеке басын анықтады. Ол Түркістан облысының тұрғыны болып шықты.

Деректер Әл-Фараби аудандық ПБ-ға жолданды», - деп жазды ІІМ-нен.

Ер адамның сөзінше, ол көшіп жатқан. Автокөліктің салонында итке орын болмағандықтан, оны көлікке байлауды ұйғарған.

Жүргізушіге қатысты ӘҚБтК-нің 407-2-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Жиналған материалдар мамандандырылған әкімшілік сотқа жіберіледі.

Ер адаммен профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.


Соңғы жаңалықтар