Көлігін заңдастырмақ болған маңғыстаулық алаяққа 7,8 млн теңгесін беріп қойды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Маңғыстау облысының тұрғыны шет елден әкелінген көлігін заңдастырып беремін деп уәде еткен алаяққа алдынып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Мұнайлы ауданының тұрғыны «көлік құжаттарын Грузия елінің есебінен шығарып, Қазақстан Республикасының есебіне тіркеп, рәсімдеп беремін» деп уәде беріп, кейін сөзінде тұрмаған алаяқтың құрығына түсіп қалды.

Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын көлемі 7,8 млн теңгені құрады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде криминалдық полиция қызметкерлері Бейнеу ауданының 30 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады.

Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркелді. Өзге мәліметтер тергеу мүддесіне орай жария етілмейді», - делінген полиция мәліметінде.


Соңғы жаңалықтар