Көлігін тұраққа қойып жатқан жүргізуші баланы басып кетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін елордадағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінің ауласында көлік жүргізушісі баланы басып кетті. Сәби оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға бүгін, 16 тамызда сағат 11:38-де Е-251 көшесіндегі үйдің ауласында болған. Land Cruiser 200 автосының 35 жастағы жүргізушісі көлікті тұраққа қою кезінде баланы қағып кеткен. Бала оқиға орнында қайтыс болды.

Аталған фактінің мән-жайы анықталып жатыр.



Фото: polisia.kz






Соңғы жаңалықтар