Көлігімен жігітті қағып өлтірген Риддер әкімі орынбасарының ісі сотқа түсті

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Мас күйінде көлік айдап, 19 жастағы жігітті мерт еткен Риддер қаласы әкімінің орынбасарына қатысты іс сотқа жолданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық соттың ақпараты бойынша, шенеунікке «жол ережесін бұзу арқылы абайсызда адам өліміне себепкер болды» деген айып тағылып отыр. Аталмыш іс Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігі бойынша 21 маусым күні Риддер қалалық сотында қаралады. Отырыс ашық режимде өтпек.

Еске салсақ, 16 сәуірде Риддер қаласы әкімінің орынбасары Бауыржан Құрманбаев 19 жастағы жігітті қағып өлтірді деген күдікпен қамауға алынған болатын.

Онымен бірге көлік ішінде Өскемен қаласының әкімі Қуат Тұмабаев болған. Ол 6 маусым күні оқиға бойынша алғаш рет мәлімдеме жасап, сот аяқталғанша өз еркімен ақы төленбейтін еңбек демалысына кететінін мәлім етті.

Қылмыстық істің тергелуі облыс прокуратурасының тікелей бақылауына алынды.

Соңғы жаңалықтар