Көлігі ұрланған Алматы тұрғыны оны есептен шығармағаны үшін 6 жылдық салықты төлемек

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Көлігі ұрланған Алматы тұрғыны оны есептен шығармағаны үшін 6 жылғы салығын төлемек. Бұл туралы қалалық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы тұрғыны салық органдарын көлігін ұрлатып алғаны туралы 2007 жылы құлақтандырған. Алайда, ол өзінің көлігін есептен шығармаған.

Ол көлігін 2013 жылы хабарламаны алған соң ғана есептен шығарды.

Қазір бұл азаматтан қалалық салық органы 6 жылдық төленбеген салықтық міндеттемені талап етіп отыр.

Прокуратураның баспасөз қызметі хабарлағандай, салық инспекторының әрекетін заңсыз деп санаған азамат оны сотқа берген. Алайда, сот салық инспекторының ҚР Салық Кодексінің 368-бабының 5 тармағы бойынша әрекет еткенін айтып, шағымданушының арызын қанағаттандырмады.

Сондай-ақ, қалалық прокуратура меншік құқығы пайда болған соң көлік салығын төлеу міндеті туындайтынын хабарлайды. Ал, меншік құқығын есепке тіркеу мен шығару арқылы анықтауға болады.

«Егер, сіздің көлігіңізді ұрлап кетсе, полицияға арыз берумен қатар, оны салық органдарынан тіркеуден шығару қажеттігін ұмытпаған жөн. Ол үшін көлік жүргізушісі арнайы мамандандырылған ХҚКО-ға жүгіне алады. Ол өзімен бірге көліктің ұрланғаны туралы және бұған дейінгі салық төленгенін растайтын құжат әкелуі қажет. Тек содан кейін ғана салық төлеу міндеті тоқтатылады», - деді прокуратураның баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар