Көлге балық аулауға кеткен ер адам екі күннен бері табылмай жатыр - СҚО

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданында көлге қайығымен шыққан балықшы із-түзсіз жоғалып, оны құтқарушылар екі күнен бері таба алмай жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Төтенше жағдайлар департаменті өткізген брифингте ведомство басшысының орынбасары Игорь Жуков болған оқиғаны айтып берді.

«Оқыс оқиға 31 қазан күні болды. 1963 жылғы ер адам 5 сыныпта оқитын

немересімен Мамлют ауданындағы Чистое көліне барған. Сағат 19.00 шамасында қайығымен көлге шыққан. Ал сағат 21.30 шамасында жақын маңда жүрген балықшылар оның су бетінде бос қалқып тұрған қайығын тапқан. Қайық аударылмаған. Олар бірден бізге хабар берді», - дейді Игорь Жуков.

Ертеңіне, 1 қараша күні таң атысымен көлге сүңгуірлер түсті. Әзірге нәтиже жоқ.

«Іздеу аумағы үлкен. Қайық иесі құлап кетіп, қайық толқынмен құлаған жерден жылжып кетуі мүмкін. Бірақ ер адамның суға құлағанын ешкім көрмеген», - дейді департамент басшысының орынбасары.


Соңғы жаңалықтар