Көлеңкелі экономикамен күресте цифрландыру көмектеседі - Бақытжан Сағынтаев

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бақытжан Сағынтаев «Алматы» телеарнасындағы тікелей эфир барысында сауда саласын одан әрі дамыту, қала базарлары мен электронды коммерцияның жұмысы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сауда – қала экономикасындағы жетекші сала, оның үлесі шамамен 33% құрайды.

Алматыда 14,4 мың кәсіпкер бизнесін жүргізетін 52 базар бар.

«Дәстүрлі сауда өркениетті форматқа көшіріліп жатыр. 23 базарды модернизациялауға 20 млрд теңгеге жуық инвестиция тартылды. Соның есебінен жұмыс орындарының саны 2,4 мыңға көбейді. Базарларды онлайн кассамен толық қамту үшін салық жинау үлесін 25%-ға дейін арттыру жоспары әзірленді. 2021 жылдың қаңтарында тауар сату, жұмыс жасау және қызмет көрсету бойынша айналым 2019 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 8%-ға өсіп, 328 млрд теңгені құрады. 2020 жылдың соңында тауар сату айналымы 4 032 млрд теңге болды»,- дейді Бақытжан Сағынтаев.

Көлеңкелі экономиканы төмендету шаралары аясында онлайн сауданы дамыту бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

Қалада шамамен 970 интернет-дүкен бар, бұл елдегі интернет-дүкендердің 60%-ын құрайды.

Оларға барлық онлайн-сауда мен қызметтердің 71%-дан астамы тиесілі.

Былтыр электронды сауда арқылы 26,4 млрд теңге салық түсті немесе 2019 жылмен салыстырғанда 78%-ға көп.


Соңғы жаңалықтар