Көлеңкелі экономика қарапайым азаматтардың қалтасын қағып жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Бас прокуратурамен бірге базар иелерінің жауапкершілігін күшейтуді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сауда саласында тәртіп орнату өте маңызды. Көлеңкелі экономиканың ең жоғары деңгейлерінің бірі осы салада. Алыпсатарлық фактілері, тапшылықты қолдан жасау – заңсыздықтардың толық тізімі мұнымен шектелмейді. Мұның бәрі тауарлардың құнына үстемеленіп, азаматтар төлеп жатыр», - деді Президент.

Президент бұл мәселені Бас прокуратураның бақылауына тапсырды.

«Үкіметке Бас прокуратурамен бірге базар иелерін бағаны ұстау, адал бәсекелістікті сақтау, саудагерлердің мүддесін сауда алаңдары әкімшіліктерінің заңға қайшы әрекеттерінен қорғау бойынша жауапкершілігін арттыру шараларын күшейту қажет», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр.



Соңғы жаңалықтар