Көлде сырғанаған бойжеткен режімді нысанның шекарасын бұзбаған - ҚР ІІМ

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат  -  ҚР Ішкі істер министрлігі қоғам арасында талқыға түскен бейнероликке қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құзырлы орган өкілдерінің айтуынша, промо-видео туристер арасында Қазақстанның танымалдығын арттыратын құрал болып отыр.

Ал видео кейіпкері режімді нысанның шекарасын бұзбаған. Сондықтан, ол ешқандай жауапкершілікке тартылмайды.

«Бұл жергілікті органдармен ақылдаса келе туристік танымалдылықты арттыру үшін түсірілген видео деп ойладым. Ішкі Істер органдары Үлкен Алматы көлінің басындағы бөгеттік жанынан бір бекетті бақылауға алған болатын. Су қоймасының өзін күзету біздің құзырымызға кірмейді. 2018 жылдың 1қарашасынан бастап Ішкі істер органдары бұл нысанды күзетуден мүлде алынып тасталды», - деді ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев.

Айта кету керек, Үлкен Алматы көлінде мәнерлеп сырғанаған Ксения Панкартованың видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті.

Бұл бейнероликті 2 апта ішінде 1 миллион адам көрген.

Әлеуметтік желі қолданушыларының көпшілігі бойжеткеннің биі мен сырғанау мәнеріне таң қалысты. Кейбіреулер бұл видеоның Канада көлдерінде, Сібірдегі Байкал көлінде түсірілген деп топшылаған. Ал қолданушылардың бірқатары бұл видеоны заңға қайшы деп тапты. «Үлкен Алматы көлі қаланың ауыз суы резервуары болып табылады. Бұл қыз қалайша соны таптап, үстінде жүр. Шекара қызметкерлері, қарауылдар қайда? Біз енді осы суды ішеміз бе?», деген ашулы комментарийлер қалдырды.

21 жастағы мәнерлеп сырғанаушы қыз Ксения Панкратова мен құрбылары 24 қараша күні Алмаарасан шатқалына демалуға барған. Қыздар Үлкен Алматы көлінде адам көп жиналғанын байқап, сол жаққа қарай бет алады.

Олар Үлкен Алматы көліне баруға болмайтынын білмеген.

«Біз барғанда күзет жоқ болатын. Жоғарыдан қарап тұрғанда конькиі бар адамдардың сырғанап жүргенін байқадым. Адамдар көлдің бетінде жайбарақат қыдырып жүрді. «Көлге баруға рұқсат бар ма?» деп сұрағанымызда, біреулер қыста ғана болатынын айтты. Көлге баруға болмайды деген менің ойыма кіріп-шыққан жоқ. Мен коньки киіп, шетімен жүріп көрдім. Мұздың қалыңдығын шамамен байқадым. Егер оған көзім жетпесе, сырғанамас едім», - дейді Ксения.

Әлеуметтік желі қолданушыларының көпшілігі бойжеткеннің биі мен сырғанау мәнеріне таң қалысты. Тіпті Америкалық шоу өкілдері Ксенияға хабарласып, видеосын пайдалануға рұқсат сұраған.

 

Соңғы жаңалықтар