Қолданыстағы вакциналар коронавирустың мутацияға ұшыраған түрлеріне қаншалықты қауқарлы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қолданыстағы вакциналардың коронавирустың жаңа мутацияланған түрлеріне қарсы тиімділігі қандай? Бұл сауалға медицина ғылымдарының докторы Ботагөз Кәукенова жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Оларды жеке штамм деп қарастыратындай және соған байланысты алаңдайтындай мутациялану орын ала қойған жоқ. Яғни, олардың түпкі вирустан айырмашылығы бар. Бірақ, түбегейлі өзгеріске ұшырамаған. Демек, оны қандай да бір жеке ауру деп қарастыру немесе оған жеке вакцина әзірлеу қажеттілігі туындаған емес», - деді Ботагөз Кәукенова «Experts Hub Kazakhstan» жобасы сарапшыларымен өткен дөңгелек үстел барысында.

Оның атап өтуінше, бүгінде әлем ғалымдары алдын ала сақтық жасап, вакциналарын коронавирус инфекциясының мутацияланған түрлеріне сынап та жатыр.

«Бізде әзірше олардың жұмыс істеп жатқандығы туралы ғана ақпарат бар», - деді медицина ғылымының докторы.

Айта кетейік, осы шара барысында медицина ғылымдарының докторы Ләззат Ералиева COVID-19-ға қарсы қазақстандық және қытайлық вакциналардың бір-бірінен айырмашылығы неде екендігін айтқан болатын.


Соңғы жаңалықтар