Қолданыстағы 63 сейсмикалық станцияның жабдықтары тозған - ТЖМ

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – «Азаматтық қорғау саласындағы 2023-2027 жылдарға арналған бірінші кезектегі шаралардың кешенді жоспарында» елдегі сейсмикалық станциялардың жағдайы көрсетілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі таңда жұмыс істеп тұрған 63 сейсмикалық станцияда жабдықтың негізгі бөлігі моральдық және физикалық тұрғыдан ескірген. Жабдықтардың болмауына байланысты 6 сейсмикалық станция сақталды, ал 30-ы жаңғыртуды қажет етеді. Материалдық-техникалық жарақтандыру тиесілілік нормасының 25%-ын алады», - деп мәселе көтерілген құжатта.

Ал, халықты техникалық құлақтандыру үшін қажетті құралдар жалпы қажеттіліктің 40,9%-ын ғана алады.

«ТЖМ бөлімшелерінің қарамағында 1 615 дабылдық құрылғыларын орталықтандырылған іске қосу және дыбыстық хабарламаларды тарату мүмкіндігі бар 63 басқару пульті бар. Халықты құлақтандырудың мобильді кешендері еліміздің 20 өңірінің 16-сында ғана қолданылады. Цифрлық байланыс құралдарымен жарақтандыру жалпы қажеттіліктің 40,2%-ға жетеді», - деп жазылған кешенді жоспарда.

Осы мәлеселерді шешу үшін 5 жылдық кешенді жоспар бекітілді.


Соңғы жаңалықтар