+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

Қолдан жасалған банкнотаны қалай ажыратуға болады

2019 жылғы 15 қараша 11:44
Бөлісіңіз:
Қолдан жасалған банкнотаны қалай ажыратуға болады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Бүгін ҚР Ұлттық валюта күні қарсаңында ҚР Ұлттық банкінде түпнұсқа банкнотаны қалай жалған ақшадан ажыратуға болатыны түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Банк өкілдерінің айтуынша, ел ішінде көбінесе 2011 жылы басылып шыққан номиналы 5000 теңге болатын банкнотаның жалған нұсқалары жиі кездеседі.

Жалған теңге компьютерлік технологияның көмегімен жасалады.

Ақшаны ажырату үшін бірнеше ережені білу керек.

1. Ең алдымен банкнотаны ұстағанда, қағаздың шықырлақтығы басты белгі болады. Ақшада арнайы мөр басылады. «Қазақ Елі» монументінің бейнесі тұсында рельеф болады. Барлық банкнотада бұл рельефтер көзі нашар көретін зағип жандар үшін салынған.

2. Банкнотаның түсі анық, айқын әрі қанық болуы тиіс. Жарыққа қойып қарағанда су белгісін, номиналдың цифрлық бейнесін көруге болады. Сонымен қатар, банкнотаның шетіндегі магниттік жолақ болуы тиіс. Бұл жолақ жарыққа қарағанда тұтас боп көрінуі керек.

3. Номиналы 1000, 2000, 5000, 10 000 және 20 000 теңге болатын банкноталарды теріс аударғанда түсі құбылып тұратын сурет болады. Банкнотаны аударып төңкергенде бұл түс жасылдан алтын түске дейін құбылады. Осы белгілерді 5 секунд ішінде анықтап көруге болады. Бұл азаматтарды алаяқтардың қармағына түсіп қалудан қорғайтын қарапайым тәсіл.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT