Қолайсыз ауа райына байланысты өңірлердегі бірқатар жолдар жабылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның екі облысында қолайсыз ауа райы салдарынан бірқатар көлік жолдары жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ҚазақАвтоЖол» ЖШС-ның мәліметі бойынша, 20 наурызда сағат 09.55-те жауын және көктайғаққа байланысты республикалық Ақтөбе-Орск жолы (Ақтөбе-РФ шекарасы аралығы, 39-135 км) мен «Солтүстік айналма жолда» (Ақтөбе қаласынан бастап 0-39 км аралығы) барлық көлік түрлерінің қозғалысы тоқтатылды.

Сонымен қатар, сағат 13.10-де көктайғаққа байланысты Ақтөбе-Орынбор тас жолында (Ақтөбе қаласы мен РФ шекарасы аралығы, 24-99 км) жүк және жолаушылар көлігінің жүрісіне шектеу қойылды.

Қостанай облысындағы бұрқасынға байланысты сағат 11.00-де Қарабұтақ-Комсомольское-Денисовка-Рудный  учаскесінде (Адай кентінен Ақтөбе облысының шекарасына дейінгі аралықта, 307-231 км) барлық көлік түрлерінің қозғалысына тыйым салынды.

Соңғы жаңалықтар