Қол беріп амандасудан бас тартыңыздар - маман кеңесі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова коронавирустың алдын алуға бағытталған бірқатар кеңес берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жеке гигиена шаралар сақтауға барынша назар аудару қажет. Олар: қолды жуу, антисептиктер пайдаланып, жөтелген кезде сақтық шараларын сақтау, бөлмеге дымқыл тазалық жүргізіп, ауаны тазарту. Біз кездесу барысында қол беріп амандаспауға, жіті респираторлық вирустық инфекция белгілері бар тұлғалармен тығыз байланыста болмауға кеңес береміз», - деді ол.

Басқарма басшысы бұқаралық шараларға барудан да бас тарту вирус жұқтыру қаупін төмендететіндігін баса айтты.

«Мұның барлығы да жалпы кеңестер саналады. Барлық ережелерді сақтауыңыз сіздің және төңірегіңіздегілердің денсаулығын сақтауға мүмкіндік береді деп сенеміз», - деді Сәуле Қисықова.

Бұған дейін Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасының басшысы қалада коронавирустың таралуына жол бермеу бағытында қолға алынған шараларды айтқан еді.



Соңғы жаңалықтар