«Көкжиде» құмын сақтау: Ақтөбе облысында мұнай компанияларының жұмысы тоқтатылады

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе прокурорлары «Көкжиде» құмы мен жерасты суын сақтау үшін мұнай компанияларының жұмысын тоқтату шараларын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысының прокурорлары «Көкжиде» құмы ме жерасты суын сақтауға арналған жұмысты жіті бақылап отыр. Себебі бұл жердегі қор еліміздің Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облыстарын сапалы ауыз сумен қамтуға мүмкіндік береді. Әрі мемлекеттік табиғи қорық қорының тізіміне алынған.

«Бас прокуратураның тапсырмасы бойынша облыс прокуратурасы уәкілетті мемлекеттік органдармен бірге жер қойнауын пайдаланушыларды тексеріп отырады. Мұнда заңсыздықтар тіркелді. «Көкжиде» құмы ластанған, авариялық жағдай экологтарға хабарланбады. Өндірістік қауіпсіздік те ескерілмеді. Тіпті асмосфераға шамадан тыс лас заттар шығарылды. Барлығы 200 млн теңге болатын 170-тен астам әкімшілік айыппұл салынды. Сонымен бірге келтірілген залал 7 млрд теңге болады. Қазір өндіру жұмыстары жүріп жатыр», - деді Ақтөбе облысы прокурорының аға көмекшісі Асылбек Сәбитов.

Сонымен бірге Қылмыстық кодекстің «Жер қойнауын өз бетінше пайдалану», «Жерді бүлдіру» баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп, залал толық өтелген соң, өндірістер тоқтатылды.

«Облыс прокуратурасы қабылдаған шаралар негізге алынып, Энергетика министрлігі «Көкжиде» кен орнындағы «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ (10 ұңғыма), «КМК Мұнай» АҚ (68 ұңғыма), «Фирма Ада Ойл» ЖШС-нің (56 ұңғыма) жұмысын тоқтату шарасын бастады. Бәрі облыс прокуратурасының назарында», - деді Асылбек Сәбитов.


Соңғы жаңалықтар