+7 (701) 759 90 19
USD 409.98 EUR 462.21
RUB 5.75 CNY 58.43
Jańalyqtar

Көкжайлауда джиппен жүрген полицейлерге қатысты департамент түсінік берді

2020 жылғы 31 мамыр 19:49
Бөлісіңіз:
Көкжайлауда джиппен жүрген полицейлерге қатысты департамент түсінік берді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Көкжайлауда жол талғамайтын көлікпен жүрген полицейлерге қатысты департамент түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Коронавирус індеті кезінде қанша қазақстандық Түркияда демалып жатыр Ақмолалықтар бір күнде полицияға 32 тіркелмеген қару өткізді Қазақстанда ұлттық парктерді қолдау қоры құрылды

Әлеуметтік желілерде Көкжайлауға джиппен келген полицейлердің видеолары мен суреттері тарап, желіде қызу талқыланды.

Алматы қалалық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, бейнежазба Бостандық аудандық полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің қызметкерлері ТЖД және Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің өкілдерімен бірлесіп таулы жерлерде демалушыларға табиғатты қорғау, карантин және санитарлық нормаларды сақтауды түсіндіру үшін жүргізілген рейд барысында түсірілген.

«30 мамыр күні түскі сағат 11:00-де біз табиғатты қорғау полициясы қызметкерлерімен бірге Көкжайлау аумағында келушілермен профилактикалық жұмыс жүргіздік. Патруль көлігі жоғары көтеріле алмағандықтан, менің жеке Toyota Land Cruiser көлігіммен шығуға тура келді, ал патрульдік көлікті экопоста қалдырып кеттік. Іле-Алатау МҰТП аумағында от жағу, заңсыз аң аулау сынды тәртіп бұзушылықтарды анықтауға көмектесіп жүрген полицияға рақмет», - деді Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің инспекторы Алексей Поценко.

Полицейлердің айтуынша, таулы жерлерде қалалық рейд 29 мамырда басталған, ол бірнеше кезеңмен өтеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT