Көкжайлау шатқалының 10 гектар жері Іле-Алатауы табиғи паркіне қайтарылады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Көкжайлау шатқалының 10 га жері Іле-Алатауы табиғи паркіне қайтарылатын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қала әкімі Бауыржан Байбек Көкжайлау курортын дамыту туралы көшпелі жиын барысында курорттың 100 га жерін Іле-Алатау паркіне қайтаруды тапсырды.

 «Almaty Mountain Resorts» ЖШС басшысы Наиль Нұров айтқандай, бүгінде тау шаңғысы курортының аумағы алғашқы нұсқасынан екі есе оңтайландырылған.

«Құрылыс алаңы 300 мың шаршы метрден 30 мың шаршы метрге дейін, яғни 10 есе қысқарды. Шаңғы трассасы 77-ден 18-ге дейін азайды. Қонақ үйлердің сыйымдылығы 6,5 мың орыннан 250-ге азайды. Жасанды қар төсеуге арналған екі көлдің біреуі ғана қалды. Осыған байланысты 1002 га жерден 100 га аумақты босаттық. Болашақта босатылатын жер көлемі одан да көп болуы мүмкін», - деді Наиль Нұров.

Қала басшысы Көжайлау жерін Іле Алатауы паркіне қайтару мәселесін шұғыл арада қарауды тапсырды.

Айта кету керек, Көкжайлау курорты бойынша техникалық-экономикалық негіздеме биыл аяқталады. Содан соң аталған жоба қоғамдық талқылауға салынады.

Соңғы жаңалықтар