Көкжайлау шатқалында зардап шеккен жігіт құтқарылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматының «109» құтқару қызметі тауға серуенге барып, аяғын сындырып алған жігітті төменге эвакуациялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Құтқару қызметіне 14 сәуірде сағат 12:30-да Алматы қалалық ТЖД кезекшісінен хабар келіп түскен.

Олардың мәліметінше, тауға серуенге барған жігіт аяғын сындырып алған. Ол өздігінен жүре алмайтындықтан, сол жерге арнайы құрал-жабдығы бар құтқарушылар экипажы аттандырылды.

«Құтқарушылар зардап шегушіге байланысқа шықты. 19 жастағы жігіт туристер құрамында болған кезде құлап, аяғынан жарақат алған. Содан кейін жүре алмаған», - делінген хабарламада.

Жігітке құтқарушы дәрігер медициналық көмек көрсетті, аяғы мен жамбас ұршығына иммобилизация жасады.

Құтқарушылар зардап шеккен жігітті таудан арнайы жабдықпен етектегі жедел жәрдем бригадасына дейін жеткізді. Дәрігерлер жігітті қарап шыққан соң қаладағы ауруханаға алып кетті.

Операцияға құтқару қызметінің 1 техникасы мен 4 құтқарушы маманы жұмылдырылды.

Автор: Еламан Тұрысбеков

Соңғы жаңалықтар