+7 (701) 759 90 19
USD 388.81 EUR 429.01
RUB 6.08 CNY 55.49
Jańalyqtar

«Көкжайлау» курортының құрылысы кейінге қалдырылды

2019 жылғы 8 сәуір 12:05
Бөлісіңіз:
«Көкжайлау» курортының құрылысы кейінге қалдырылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Бауыржан Байбек «Көкжайлау» курортының құрылысы кейінге қалдырылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жобаны қайта қарап толықтыруды ұсынамын», - деді Бауыржан Байбек Қоғамдық кеңес отырысында.

Қала басшысы бұл тақырыпқа келгенде экономика, социум, экология мәселелерінің теңгерімін сақтау қажеттігін айтты.

«Сарапшылардың айтуынша, қазіргі курорттардың дамуының өзі 3-5 жыл уақыт алады. Осы уақыт аралығында көп тәжірибе жинақтаймыз, мамандарды әзірлеп, қала тұрғындары мен қонақтарының пікірін зерттейміз. Тек содан соң ғана Көкжайлау тау шаңғысы курортының құрылысына кірісуге болады», - деді әкім.

Қалалық Туризм басқармасының жетекшісі Мақсат Қиқымов нысан құрылысын жеңілдету үшін шаңғы жолын басқа сілемге салуды ұсынды.

«Мастерконцепт» компаниясы Көкжайлауда шаңғы жолын басқа сілемге ашуды, тұрғын үй ауданын азайту мүмкіндігін қарастыруды, қонақ үй құрылысын төменгі үстіртке салуды, «ЦСКА» тау шаңғысы базасы тұсынан аспалы жол мен базалық станса салуды ұсынды. Бұл компания басшылығы жаңадан курорт салмай-ақ, бұрынғы курорттарды дамыту туралы да айтты. Бірінші кезеңде курорт құрылысына емес, аспалы жолдару салуға басымдық берілмек», - деді Мақсат Қиқымов.

Бұған дейін Бауыржан Байбек Көкжайлау жобасы қоғамдық талқылаулдың үдесінен шықпаса, қайта қарауға жіберілетінін айтқан болатын.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы, Әкім, Экология, Құрылыс,
Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT