+7 (701) 759 90 19
USD 411.54 EUR 458.13
RUB 5.84 CNY 57.64
Jańalyqtar

«Көкжайлау» курортына бөлінген жер ұлттық парк құрамына қайтарылуы мүмкін

2019 жылғы 28 қазан 11:51
Бөлісіңіз:
«Көкжайлау» курортына бөлінген жер ұлттық парк құрамына қайтарылуы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Көкжайлау» тау шаңғысы курортына бөлінген жер телімдері Іле Алатауы ұлттық паркінің құрамына қайтарылуы мүмкін. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Мәжіліс депутаттарының ресми сауалына берген жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Көкжайлау» тау шаңғысы курорты құрылысының жобасын жүзеге асыру аясында Алматы қаласының әкімдігі оның құрлысы үшін берілген аумақты қысқарту мәселесін қарастырып жатыр. Бұған қоса, Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 8 сәуірдегі тапсырмасына сәйкес, жобаны жүзеге асыру уақытша тоқтатылған. Жобаны жүзеге асырудан бас тартылған жағдайда Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі «Көкжайлау» тау шаңғысы курорты құрылысы үшін бұған дейін берілген жер қорын ұлттық парктің құрамына қайтаруды көздейтін ҚР Үкіметі қаулысының жобасына бастамашылық жасайды», - делінген Үкімет басшысының жауабында.

Естеріңізге сала кетсек, 2019 жылдың 3 сәуірінде Іле Алатауы ұлттық паркі аумағындағы 5 жер учаскесі жалға беру үшін тендерге қойылғаны белгілі болды. Бұл жобаға қоғам тарапынан наразылық туындағаннан кейін Алматы әкімі Бауыржан Байбек «Көкжайлау» курортының құрылысы кейінге қалдырылғанын мәлімдеді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT