+7 (701) 759 90 19
USD 388.07 EUR 427.54
RUB 6.08 CNY 55.36
Jańalyqtar

Көктөбенің өртенген бөктеріне Нұрсұлтан Назарбаев қызғалдақтары отырғызылды

2019 жылғы 13 қазан 17:25
Бөлісіңіз:
Көктөбенің өртенген бөктеріне Нұрсұлтан Назарбаев қызғалдақтары отырғызылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда «Jasyl Almaty» көгалдандыру акциясы аясында Көктөбе бөктеріне Сиверс алмасының көшеттері мен қызғалдақтың «Қазақстан» және «Нұрсұлтан Назарбаев» атты түрлері отырғызылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыдағы өртті сөндіруге ТЖД-ның жеке құрамы түгел жұмылдырылды Алматының тау бөктерінде тағы өрт тұтанды: Бір адамның мәйіті табылды

Аталған көгалдандыру акциясына 500-ге жуық адам қатысты, оның 200-ге жуығы студенттер мен еріктілер. Барлығы Сиверс алмасының 40 мың көшеті және «Қазақстан» және «Нұрсұлтан Назарбаев» сұрпынан 500 қызғалдақ баданасы отырғызылды.

Алматының «жасыл» экономика басқармасының мамандары атап өткендей, көшеттер арнайы алаңда бір-бірінен 4 метр арақашықтықта орналастырылды.

Қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров шаһар басшысы Бақытжан Сағынтаевтың бастамасымен қолға алынған «Jasyl Almaty» көгалдандыру акциясының ерекшелігін атап өтті.

«Акция басталғалы 10 мыңдаған түрлі ағаш көшеттері отырғызылды. Бұл дегеніміз қала жасыл-желекке бөленіп, экологиялық жағдай жақсарып, ауа тазара түседі деген сөз», - деді Е. Бабақұмаров.

Айта кетсек, Көктөбе тау бөктері тамыз айында тұтанған өрттен зардап шеккен болатын.

Еске сала кетсек, бұған дейін Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен Мохнатка тауында шренк шыршасының көшеттері отырғызылды.

Сондай-ақ, кеше қаланың 110 мектебінде 4 мыңнан астам әртүрлі ағаш түрлері пайда болды.

«Jasyl Almaty» үшжылдық көгалдандыру акциясының аясында жалпы қала бойынша миллионнан астам ағаш отырғызу жоспарлануда, оның ішінде алдымен, Алатау, Наурызбай, Жетісу және Алмалы аудандарында.

Мамандардың есебі бойынша, қазір Алматыда 2,2 млн түп ағаш бар, оның 550 мыңының ажары кеткен. Қаланы көгалдандыруға экологиялық үкіметтік емес ұйымдар, азаматтық белсенділер, бизнес өкілдері жұмылдырылуда.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы, Экология, Аймақ,
Бөлісіңіз:

Аударма:

Әли Ибраев

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT