Көктөбедегі өртті сөндіруге тікұшақтар жұмылдырылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қаласының ТЖД басшысы Серік Әубәкіров Көктөбеден шыққан өртке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Көктөбеде шыққан өртті сөндіріп жатырмыз. Жел мен өрт шыққан жердің биікте және жолдардан алыс болуы жағдайды қиындатып отыр. 30 адам мен 6 техника жалынды ауыздықтауға жұмылдырылған», - деді Серік Әубәкіров facebook парақшасында.


Сондақ-ақ, өртті сөндіруге тікұшақтар жұмылдырылды. Бұл ақпаратты ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов растады. «Жалынмен күреске су шашатын құрылғылары бар 2 тікұшақ тартылды: ТЖК «Қазавиақұтқару» АҚ-ның КА-32 және Алматы қалалық Құтқару қызметінің МИ-8 МТВ-1 тікұшақтары», - деді ол.

Бұған дейін Көктөбенің өртеніп жатқаны туралы хабарлаған болатынбыз.




Соңғы жаңалықтар