Көктөбеде кішкентай қолтырауын жетектеген бойжеткен көзге түсті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Әлеуметтік желіде Көктөбеде қолтырауының баласымен серуендеп жүрген бойжеткенің видеосы тарады. Бауырмен жорғалаушының тұмсығын скотчпен орап тастапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Анықталғандай, аллигатор Көктөбеге суретке түсу үшін келгендерге тиесілі болып шықты.
«Бұл қолтырауын Көктөбеде фотосессия өткізіп жатқан қонақтардыкі. Оның тұмсығының не себепті скотчпен оралғанын біз айта алмаймыз. Мүмкін бұл жалпы қауіпсіздік үшін шығар. Біз барлық санитарлық нормаларды қатаң сақтаймыз» - дейді «Көктөбе паркі» ЖШС өкілі Ғалия Халилаева.
Көктөбеде қолтырауынмен серуендеп жүрген бойжеткенді куәгерлер видеоға түсіріп алған.
Аллигатор кайман тұқымына жатады. Оны Алматы хайуанаттар бағынан да көруге болады.
«Біздің Алматы зообағында кайман қолтырауындары бар. Каймандар аллигаторлар тұқымдасына жатады. Олар әртүрлі. Олардың кейбіреуі қауіпті. Ұсақ аллигаторлардың ұзындығы - бір жарым-екі метрге жетеді және салмағы - орта есеппен 6 келіден 40 келіге дейін», - дейді Алматы зообағының қызметкері Михаил Сорокоумов.
Видео: Еуразия бірінші арнасы- Индонезияда жер сілкінісі құрбандарының саны артты
- Елордада жоғалған жасөспірім табылды
- Беларусь Атом-электр стансасының 1-энергоблогы желіден ажыратылды
- Қарағандыдағы көпқабатты үйде 7 адам иіс тиіп уланды
-
Екі қалада ауа сапасы нашарлайды
-
Қазақстанда 18 қаңтардан бастап ескірген ауыл шаруашылығы техникалары утилизацияға қабылданады
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам