Көктөбеде фотографтан ақша сұраған күзетшілер жазаланды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат -  «Visit Almaty» туристік ақпарат орталығы фотограф Максим Золотухинмен Көктөбеде болған жағдайға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілішісі.

«VisitAlmaty» орталығы туристерді ақпараттандыру және туризмді дамыту үшін құрылған. Қаламыздағы көптеген туристік нысандарды саяхатшыларға коммерциялық мақсатта болмаса, суретке тегін түсіруге рұқсат етілген. Біз қонақ күту, мәдениет, өнер саласына маманданған компанияларға келушілердің фотоға түсіруіне жағдай жасау туралы кеңестер беріп тұрамыз. Ал Көктөбедегі жағдай жекелей адамдардың мәселесі, біз ол жағдай туралы естідік, кінәлі адамдар жазаға тартылды. Егер фотоға түсіру үшін ақша талап еткен оқиғаның куәсі болсаңыз, «Visit Almaty» ақпарат орталығына хабарласуды сұраймыз. Біз ол мәселені қарастыратын боламыз», - деді аталған ақпарат орталығының директоры Камила Лұқпанова.

Еске сала кетейік, бүгін таңертең алматылық фотосуретші Максим Золотухин Facebook-тегі жеке парақшасында Көктөбеде басынан өткен жағдайды жазған болатын. Онда фотограф Көктөбе басына шығып, суретке түсіре алмағанын, күзетшілердің одан ақша сұрағанын ашына жазған. Күзетшілер суретке түсіруге тыйым салынғанын айтып, бұдан былай суретке түсіру ақысы 35 000 теңге болғанын жеткізген. Осы оқиғаны фотосуретші әлеуметтік желіде жариялағаннан кейін, Көктөбе паркінің әкімшілігі одан кешірім сұрады. 

Соңғы жаңалықтар