«Көктөбе» телемұнарасының сәулеттік келбеті өзгереді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы «Көктөбе» телемұнарасының сәулеттік келбеті таяу арада өзгеретін болады. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметінен хабарлады.

Жобалаушылар телемұнараны жаңғырту арқылы оған әлемде жоқ сипат беруді мақсат тұтып отыр. Жоба жүзеге асатын болса телемұнара Алматының кез-келген нүктесінен «мен мұндалап» көз тартатын болады.

Бір ескеретін жайт, мұнараны жаңартуды қаржыландыру жергілікті бюджеттен емес, жеке инвестиция тарту арқылы жүзеге асады.

Маңызды нысанды жаңғырту барысында медиақасбет қойылып, алыстан басқарылатын көмескі жарық беріледі.

«Телемұнара күндіз өзінің бұрынғы келбетін сақтайды, оның қондырғылары мүлдем байқалмайды. Ал мереке және жексенбі күндері кешкі уақытта көмескі жарық пен медиақасбет іске қосылып, жарық көзінің серпіні ретінде жұмыс істеп, түрлі тақырыптық ақпараттарды көрсетеді, ал күнделікті жұмыс күндері мульти түрлі-түсті мол жарық беретін болады. Телемұнарадағы барлық жарық көздері алыстан басқарылатын болады», - делінген хабарламада.

Құйылмалы көмескі жарықтандыру жүйесі мен прожекторлы кешенді жасауға 2 айға жуық уақыт жұмсалса, медиақасбетті орнатуға 4 ай қажет етіледі.

Соңғы жаңалықтар