Көктөбе бөктеріндегі өрт сөндірілді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда Көктөбе бөктерінде тұтанған өрт сөндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өрттің жеке секторға ауысуының алдын алдық. Тікұшақтар қайтарылды. Суды лақтыру жұмыстары 12 рет орындалды. Судың жалпы көлемі 36 текше метр. Бұл, осындай жалындарды ауыздықтауда шешуші құрал болып табылды. От толығымен сөндірілді. Өрт сөндіру қызметінің жеке құрамы кезекшілік атқару үшін оқиға орнында қалды», - деп жазды Facebook-те Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Серік Әубәкіров.


ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметовтың мәліметінше, далалы алқаптағы өрт сағат 19.58-де толығымен өшірілді.

Көктөбедегі төтенше жағдайды жоюға екі тікұшақ жұмылдырылған болатын. Сондай-ақ оқиға орнында ТЖД-ның 42 адамы мен 9 техникасы, «Алматы Тазалық» МКК-ның – екі және Алматы қалалық Құтқару қызметінің бір суару техникасы жұмыс істеді.


Соңғы жаңалықтар