«Көктемнің 17 сәті» фильмінің режиссері Татьяна Лиознова өмірден өтті

None
None
ТАНА. 30 қыркүйек. ҚазАқпарат - Кеше түнде Татьяна Лиознованың өмірден өткені туралы хабар келіп түсті.

Ол 88 жасқа қараған шағында мәскеулік ауруханалардың бірінде дүние салды, деп хабарлады НТВ. Сергей Герасимовтің шәкірті жас кезінің өзінде-ақ тәуекел етіп, ер адамның кәсібі саналатын кинорежиссер мамандығын таңдап, көптеген ұрпақтар көрермендерінің ықыласына бөленді.

Әуелде анасының ақылымен қарапайым инженер мамандығына түскен ол бір семестрді аяқтамай жатып-ақ өзінің қолы емес екендігін байқады да, 1943 жылы Бүкілодақтық кинематография институтына Сергей Герасимовтің курсына түсті. Қатал тәлімгер Лиознованы өмірлік тәжірибесі жоқ, деп оқудан шығарып жібермек болып оқталды да, оның жұмыстарын көріп, «Жас гвардияны» қоюға көмектесуін сұрады. Онда ол небәрі 20 жаста болатын.

Лиознованың 12 сериялы «Көктемнің 17 сәті» картинасы Вячеслав Тихоновтың даңқын шығарды. Осы картинадан кейін ол көрермендерінен 12 қап хат алды және оның бәрін де ерінбей-жалықпай оқып шықты.

Лиознова өзінің әрбір фильмінде адамдардың жүрегіне шуақ сыйлады. Өзінің сүйікті «Карнавал» фильмінде картинаның әрі сценарий авторы болды. «Телфон шал, маған» фильмі шын мәнінде Ирина Муравьева екеуінің бенефисі іспетті болды. Ол 1986 жылдан кейін фильм түсіруді қойды. Жаңа дәуірге оның қаһармандарының қажеті болмай қалды.

Татьяна Лиознованы сенбі күні анасының жанына Дон бейітіне жерлейді.

Соңғы жаңалықтар