Көктемгі су тасқынына ұшырауға бейім аумақтар картасы түзетіледі

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Көктемгі су тасқынына ұшырауға бейім аумақтар картасы түзетіледі. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі таңда еліміздің барлық өңірінде Төтенше жағдайларға, оның ішінде көктемгі су тасқынына ұшырауға бейім аумақтардың картасы бар. Көктемгі су тасқынына ұшырауға бейім аумақтар картасында республика бойынша су тасқыны қауіпті 1 048 елді мекеннің барлығы көрсетілген. Аталған деректер жыл сайын түзетіледі. 2023 жылғы су тасқыны кезеңінің өту қорытындысы бойынша аталған карта түзетілетін болады», - деді Үкімет басшысының бірінші орынбасары жауабында.
Сонымен қатар ол Төтенше жағдайлар министрлігі 2014 жылдан бастап «Қазақстан ғарыш сапары» ҰК» АҚ-мен төтенше жағдайлардың ғарыштық мониторингін ұйымдастыру бойынша ынтымақтастық жасап келе жатқанын атап өтеді.
«Қазіргі уақытта ТЖМ үшін арнайы әзірленген геоақпараттық жүйеге барлық су тасқыны қаупі бар сел, сырғыма, көшкін қаупі бар учаскелер, гидротехникалық құрылыстар, сейсмикалық станциялар бойынша деректер, барлық өрт сөндіру бөлімдері бойынша ақпарат жүктелген», - деді Роман Скляр.


Соңғы жаңалықтар