Көктемгі су тасқыны: ШҚО-да ұдайы мониторинг жүргізілуде

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында құтқарушылар мен әскери қызметшілер су тасқынына қарсы іс-шараларды жалғастыруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Қарағанды облысынан келген № 52859 әскери бөлімінің жеке құрамынан 50 адам жергілікті атқарушы органдар мен тұрғындарға қарды шығару, арықтар мен су өткізу құбырларын тазалау жұмыстарына көмек көрсетуде.

«Олар Алтай ауданында ұзындығы 53 метр мұзды кесіп, 9 су өткізу құбыры мен 3700 метр арықты тазалады. Инертті материал салынған 720 дана ыдыс-қап төсеп, 15 үйдің ауласын қар мен мұздан тазартты. Жеке құрам тәулік бойы Бұқтырма мен Хамир өзендеріндегі жергілікті тоғанның су деңгейіне мониторинг жүргізуде», - делінген хабарламада.

Бұдан бөлек, Көкпекті ауданында 400 метр арық, 16 аула мен 15 су құбыры тазаланып, 48 метр мұз кесілді. Сондай-ақ 2500 дана ыдыс-қап төселген.

Соңғы жаңалықтар