Көктемгі су тасқыны: Семейде қауіпті 50 аймақ тізімнен шығарылды

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат ​ -​ Семейде өткен жылы орын алған көктемгі су тасқыны кезінде қала бойынша 57 су тасқыны қаупі бар аудан анықталған болатын. Бүгінде оның 50-і қауіпті аймақтар тізімінен шығарылып, деп хабарлайды ҚазАқпарат Семей ақпараттық орталығына сілтеме жасап.

Семейде облыс әкімі Даниал Ахметовтың тапсырмасы бойынша, су тасқынына қарсы бірқатар іс-шаралар өткізілді. Семей қаласының әкімі ​ Ермак Сәлімов көктемгі су тасқынына қатысты жағдай күнделікті бақылауда екенін айтты. Бүгінгі күні Ертіс жағалауын бекіту жұмыстарына қаражат бөлініп, 3 километрден асатын жер үйінділер төселген.

null «Қала шегіндегі Ертіс өзенінің ұзындығы 25 километрді құрайды. Өткен көктемде қала бойынша 57 су тасқыны қауіпі бар учаскі анықталған. Олардың 50-і қауіпті аймақ тізімінен шығарылып, қалған 7 учаскідегі су басу қаупі алдағы екі айда жойылатын болды. Сонымен қатар Шүлбі су қоймасымен өзенге тұрақты мониторинг жүргізілуде», -деді қала әкімі.null

Сонымен қатар, қалада бар 17 гидротехникалық құрылысқа жауапты тұлғалар белгіленіп, ​ қалалық су бұру арналары бақылауға алынды. 5 елді мекенде орталықтандырылған хабарландыру жүргізілді. Яғни, кез-келген уақытта тұрғындар ​ дауыс зорайтқыш байланысы арқылы орын алуы мүмкін жағдай туралы айтты.

Соңғы жаңалықтар