Көктемгі су тасқыны салдарынан үйлері қираған ауылдықтарға жан-жақты көмек көрсетіледі - Қ.Айтмұхаметов

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының әкімі Қосман Айтмұхаметов Астрахан ауданы Старый Колутон селосының тұрғындарымен кездесіп, мемлекет тарапынан көрсетілетін көмек жөнінде хабардар етті, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.

Өңір басшысы өз сөзінде бүгін мұнда құрамына облыс бойынша мемлекеттік сәулет құрылыс бақылау мен лицензиялау және төтенше жағдайлар департаменттері, облыстық басқармалар кіретін арнайы жедел топ келетінін атап өтті.

"Комиссия мүшелері бірнеше күн бойы су тасқыны аумағында қалған үйлерге мұқият тексеріс жүргізеді. Монторинг нәтижесі бойынша көктемгі су тасқыны салдарынан жапа шеккен тұрғындарға көмек көрсету жөнінде шешім қабылданады. Сондай-ақ, үйлері қираған барлық ауылдықтарға жан-жақты көмек көрсетіледі. Бұған мемлекет қазынасында қажетті қаржы бар", - деді Қ.Айтмұхаметов.

Қазіргі кезде селода төтенше жағдайлар департаментінің құрамы тәулік бойы кезекшілік атқаруда.

Соңғы жаңалықтар