Көктемгі су тасқыны: Атбасар ауданында жағдай күрделі - С.Кулагин (ФОТО)

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин өңірдегі көктемгі су тасқынының қаупі бар жерлерді тікұшақпен бақылап шықты.

Аймақ басшысымен бірге тікұшақ бортында болған облыс әкімінің бірінші орынбасары Қ.Отаров және аумақтық ТЖД басшысы А.Әбдіқалықов Сілеті су қоймаларын мұқият қарап, Ақмола облысының Зеренді, Сандықтау, Атбасар, Целиноград аудандарының су тасқынының қаупі бар өзендерінің (Сілеті, Есіл, Жабай, Нұра) жағдайларын, су тораптарының тасқын суларды өткізуге дайындықтарын тексерді. Әсіресе, Атбасар қаласының маңынан ағып өтетін Жабай өзенінің жағдайына көңіл бөлінді.

Әуеден бақылаудың ең алғашқы нысаны Зеренді, Сандықтау және Атбасар аудандарындағы өзен және су қоймаларындағы су торабы болды. Бұл жерде өңір басшысы су қоймасы мен өзендерге жақын орналасқан елді мекендер мен жақын ауылдарда су басу қаупін болдырмас үшін ондағы жинақталған суды ағызып жіберуде мұқият болу қажеттігін айтты.

2016 жылғы 26 наурыздағы жағдай бойынша Атбасар, Целиноград, Зеренді, Сандықтау аудандарында қар қоры 2015 жылмен салыстырғанда анағұрлым көп. Сондай-ақ, Есіл, Сілеті, Шағалалы өзендерінің алаптарында қар қоры да әдеттегіден жоғары. Қар мен мұз еріген кезде Есіл, Сілеті, Шағалалы, Нұра өзендеріндегі судың көлемі артады деп күтілуде.
Осыған байланысты ірі су қоймаларындағы су көлемін реттеуге ерекше көңіл бөлініп отыр. Осы мақсатта Астана, Селеті, Шағалалы су қоймаларында жоспарлы су ығыстыру жұмыстарын жүргізу көзделген.

Атбасар ауданына келген облыс әкімі ауыл шаруашылығы құрылымдары мен кәсіпорын басшылары басшыларымен кездесті. Бүгінгі таңда Атбасар облыстағы су тасқынының қаупі жоғары аудан саналады. Сол себепті негізгі күш осы ауданға жұмылдырылуда. Аудан орталығындағы су басу қаупі бар үйлер мен әлеуметтік нысандардың маңы құм толтырылған қаптармен қоршалып, арықтар мен су жіберу нысандары тазалануда. Сондай-ақ, бөгеттерді нығайту жұмыстары қолға алынған.
Кездесуде Сергей Кулагин су тасқынының алдын алу шараларына жүз пайыз дайын болу қажеттігін атап өтті. Бұл жерде ТЖ бойынша су тасқынының алдын алу шараларына жұмылдырылған апаттық-құтқару мен коммуналдық сала техникасының дайындығы пысықталды.
«Биыл қар жылдағыдан мол түсті. Сол себепті көктемгі су тасқынының қаупі жоғары. Әсіресе, Атбасар ауданында жағдай күрделі. Сондықтан, алдын алу шараларын бір сәтке де кешіктірмей жүргізуіміз керек. Ертең миллиардтап қаржы жұмсағанша, одан да осы бастан тиянақты жұмыс істегеніміз абзал», деді С.Кулагин.
Сонымен қатар, аймақ басшысы алдағы дүйсенбі күні көмек ретінде ауданға қосымша 20 миллион теңге қаржы мен қосымша техника бөлінетін атап өтті.
Еске сала кетсек, аумақтық ТЖД мәліметі бойынша 2016 жылдың 24 наурызындағы жағдай бойынша Көкшетау қаласында - 201513 м3, Атбасар ауданында - 299082 м3, Зеренді ауданында - 45862 м3, Сандықтау ауданында - 42960 м3, в Целиноград ауданында - 60000 м3 қар сыртқа шығарылды.
Жалпы, қазіргі кезде облыс аумағындағы өзендердегі мұз қатпары қалың. Кейбір тұстарында ғана сәл жібігені байқалады.
null null null null null null null null

Соңғы жаңалықтар