Көктемгі егіске дайындық: Министрлік минералды тыңайтқыштар бағасын төмендетеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ауыл шаруашылығы министрлігі көктемгі егіске дайындық барысының қандай деңгейде жүріп жатқандығын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомоствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Президентінің тапсырмасына сәйкес Үкімет көктемгі егіс жұмыстар сапасына көңіл бөліп, фермерлер үшін барынша жағдай жасайтын болады. Бұл ретте 400 мың тонна шамасында дизель жанармайы бөлініп, шаруалар тұқыммен қамтамасыз етілген. Техника дайындығы 95% деңгейінде (егіс жұмысы басталарда 100% болады), жалпы сомасын 140 млрд теңгеге дейін жеткізе отырып, қаржыландыру көлемін 70 млрд теңгеге ұлғайту мәселесі пысықталып жатыр. Ал «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ форвардтық сатып алу бағдарламасы бойынша қаржыландыруға 80 млрд теңге бөлмек, бұл өткен жылғы деңгейден 2 есе көп.

Айта кету керек, биыл агроөнеркәсіп кешенін мемлекеттік қолдау жүйесі өзгеріссіз қалады, бұл фермерлерге қосымша қиындықтарсыз егіс жұмыстарын бастауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, 29,7 млрд теңге көлемінде пестицидтерді субсидиялау қамтамасыз етілмек. Бұл егіс алаңын 100% өңдеуге мүмкіндік береді. Шамамен 659 мың тонна тыңайтқыш беру жоспарланып отыр.

Тыңайтқыштардың құны түпкілікті өнімнің бағасына, сондай-ақ жалпы сатып алу қабілетіне әсер ететінін ескере отырып, Ауыл шаруашылығы министрлігі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесіп минералды тыңайтқыштардың бағасын төмендетуді қарастырып жатыр.

Атап айтқанда, Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Р. Склярдың төрағалығымен өткен кеңесте тараптар отандық аммиак селитрасының бағасын биылғы 16 наурыздан бастап 200 мыңнан 160 мың теңгеге дейін төмендету туралы шешімге келді. Жалпы с апалы егіс науқанына дайындық мәселелері ерекше бақылауда.


Соңғы жаңалықтар