Көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыруға қанша қаражат бөлінді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыру аяқталды. Бұл туралы Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыру аяқталды. Қаржыландырудың жалпы сомасы шамамен 128 млрд теңгені құрады, оның ішінде: Аграрлық несие корпорациясы желісі бойынша бюджеттік кредит есебінен «Кең дала» бағдарламасы бойынша 70 млрд теңге, Ұлттық банк қаражаты есебінен «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша

6 млрд теңге, Агробизнес бағдарламасы бойынша 4,6 млрд теңге, Қаржылай қолдау қорынан 854 млн теңге берілді», - деді С. Омаров.

Бұдан басқа, Азық-түлік корпорациясының сатып алу сомасы 47 млрд теңгені құрады. Бидай, арпа, күнбағыс, рапс, зығыр, қарақұмық, сұлы және соя сияқты өнімдерге 743 мың тонна көлемінде форвардтық келісімшарттар жасалды.

«Бұл әлеуметтік маңызы бар тауарларды өндіру үшін қажетті шикізаттың, сондай-ақ мал шаруашылығы мен құс шаруашылығы қожалықтары үшін жемшөп қорының болуына мүмкіндік береді», - деді министр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин ауыл шаруашылығы саласына қатысты бірқатар тапсырма берді.



Соңғы жаңалықтар