Көктем келгелі 13 астаналықты кене шағып алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы Нағима Шатаева кененің шағуынан болатын асқынулардың негізгі белгілерін атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кенелер бірқатар жұқпалы аурулардың қоздырғышы болып табылады. Ең қауіпті ауру - бұл негізінен жүйке жүйесіне әсер ететін вирустық кене энцефалиті. Адамға ол негізінен кененің шағуы арқылы жұғады. Инкубациялық кезең шаққан сәттен бастап орташа есеппен 7-14 күнге созылады. Ауру жедел басталып, қалтырау, дене қызуының 38-40°C дейін күрт көтерілуі, қатты бас ауруы, жүрек айну, құсу, әлсіздік байқалады», - дейді маман.

Оның айтуынша, кене шағу қаупі жаз бойы сақталады.

«Сәуір айынан бастап қазанға дейін эпидемиялық маусым болып есептеледі. Деген әсіресе көктем мен күзде шабуыл жиілейді. 2022 жылдың сәуір айының басынан бастап кене шаққанын айтып Нұр-Сұлтан қаласының стационарына 13 адам жүгінді. Көрсетілген адамдар тұрақты термометриямен жиырма бір күн бойы тұрғылықты жері бойынша диспансерлік бақылауға алынды. Салыстырсақ, былтыр эпидемиологиялық маусымда 157 адам, 2020 жылы 67 адам емделді», - дейді Нағима Шатаева.

Санитарлық-эпидемиологиялық департамент өкілі кене шаққан адам бірден мецина мамандарына қаралуы керектігін баса айтты.

«Кене шағуы анықталған жағдайда дереу жақын маңдағы медициналық денсаулық сақтау ұйымына хабарласу қажет. Егер бұл мүмкін болмаса, кенені мақта жіптен немесе ілмекпен өзіңіз алыңыз. Кенені алып тастағаннан кейін қолыңызды сабынмен жуып, тістеген жерді құрамында спирт бар затпен залалсыздандыру қажет емдеу керек. Кенені алып тастағаннан кейін профилактикалық ем тағайындау және қысқа мерзімде медициналық бақылау белгілеу үшін инфекционист-дәрігерге немесе терапевт-дәрігерге, педиатрға міндетті түрде қаралу қажет», - деді маман.

Оның айтуынша, кене энцефалитінің алдын алудың жалғыз жолы - вакцинация.

4 мамырдағы мәлімет бойынша, Алматыда сәуір айында 40 адамды кене шаққан.


Соңғы жаңалықтар