Көктем келді: Шымкент пен Алматыда гүлдеп тұр, Ақмола мен Ақтөбеде қар жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Көктемнің алғашқы айының ортасы болса да, еліміздің солтүстік өңірлерінде қыстың ызғарының беті әлі қайтар түрі жоқ. Ал оңтүстікте осыдан бір апта бұрын өрік гүлдеп, ауа-райы +24 градусқа дейін жылынған еді. ҚазАқпарат өңірлердегі ауа райына шолу ұсынады.

Астаналықтар үшін әзірге көктемнің ауылы алыс секілді. Қыстың ызғары әлі де сезіледі, қала көшелеріндегі қардың көлемі де қалың. Жұртшылықтың дені үстерінен қысқы киімдерін әлі тастай қойған жоқ. Дегенмен, түс ауа күннің шуағы төгілгенде, жылылық боларын білетін бірен-саран жан пальто киіп алғаны болмаса, дені қыстық күрте мен тон, ішік киіп жүр.
null null null

Жалпы еліміздің солтүстік өңірлерінде қар әлі кете қойған жоқ, суық. Мәселен, Петропавл қаласында таңертеңгі уақытта сынап бағанасы -15 градус суықты көрсетсе, түске таман айнала сіл де болса жылынғанын сезесің. Айта кетерлігі, соңғы 3-4 күннен бері өңірде күн суытып тұр. Оған дейін «түске дейін мүйіз, түстен кейін киіз» болып, қар еритін. Күн райы +5 градусқа дейін жылынған да еді.
null null null null
null null

Қостанай өңірі де қалың қардың құшағында. Мәселен, осы облыстың Қостанай ауданына қарасты Озерное ауылының көшелерінде қар әлі тау-тау болып үйіліп жатыр. Таңертеңгісін ауа температурасы -10 градусқа дейін суық болса, түске таман ызғардың беті қайтып, -2 градусқа дейін төмендейді.
null

Ақмола облысында да ауа райы дәл осындай десек те болады, -4 градус салқын. Күн ашық болғанымен, тысқа жұқа киіммен шығып кетсең, көктемнің суығы өңменіңнен өтеді. Десе де Көкшетау көшелері қардан таза.
null null
null

Биыл Батыс Қазақстан облысында қыстың қарлы әрі боранды болғаны белгілі. Қазіргі сәтте +1 градусты көрсетіп тұр. Өңірдің Бөкей ордасы сынды оңтүстік аудандарында қар кетіп, мал өріске шығып жатса, Оралда қыс әлі өз күшінде деуге болады. Адамдар қысқы киімдерін әлі тастай қойған жоқ. Қардың көптігі су басу қаупін де туғызатыны мәлім. Дегенмен, соңғы күндері қар күндіз еріп, түнде қатуда.
null null

Атырау көшелерінде қар толық еріп, жер қарайып жатыр. Дегенмен, әзірше қылтиған көк байқалмайды. Күндіз ауа темпуратурасы +12 градусқа дейін жылы болғанымен, тоң жердің ызғары сезілетіндіктен, адамдар әлі де жылы киіммен жүр.
null null null null

Ақтауда да қар жоқ болғанымен, жер тоңының ызғары сезіліп, жұрт жұқа пальто мен күртеше киген. Айта кетерлігі, биыл Ақтау мен Атырау қаласында күн райы әдеттегіден біршама салқын. Ауа температурасы +8 градус. Аздаған жел бар, күн ашық.

Ақтөбеде күні кеше ғана қар түсті, қала ақ мамыққа оранып тұр. Бірақ бүгін күн жылынып, еріген қар суы жер-көкті алуы мүмкін деген қауіп бар. Синоптиктердің дерегінше, ауа температурасы -2,-3 градус болмақ. Жел де күшейіп, жылдамдығы секундына 15 метрге жетіп қалуы ықтимал.
null null

Алматыда күн жылынды. Жұртшылық ішіктері мен тондарын қара күйе жеп қоймауы үшін арнайы сақтық шараларын пайдаланып, шкаф сөрелеріне қойғанына да бірнеше күн болды. Алатау баурайында қар еріп кеткеннен кейін қара топырақ астынан бәйшешектер қылтия бастаса, ағаштар да бүр жарып тұр. Синоптиктердің болжауынша, алдағы уақытта оңтүстік астанада +15-18 градус жылы болмақ.
null null null

Шымкентте биыл күн күрт ысып, ағаштар ерте гүлдеді. Қалада жеміс ағаштарының ішінде көктемді бірінші болып сезетін өріктер гүл ашты. Енді қызғалдақтар гүлдеп тұр. Қала көшелері мен саябақтарында шамамен 1 млн 114 мың қызғалдақ гүлі ашылды. Олардың басым көпшілігі голландиялық сары, қызыл, көк, қызғылт сары, күлгін түсті гүлдер. Қазір қалада ауа температурасы +19 +24 градусқа дейін жылы. Ал түнде термометр көрсеткіштері шамамен +4 +9, кей жерлерде +1 градусты көрсетеді. Облыс орталығы - Түркістан шаһарында да ауа райы дәл осындай.
null null null null null

Таразда көктем иісі сезіледі. Көк қылтиып, ағаштар енді-енді бүршік жарғалы тұр. Жұрт қысқы киімдерін тастап, жеңіл күрте, костюм киюге көшкен. Күндіз ауа температурасы +21 градусқа дейін жылиды. Облыс орталығында қар толық ерігенімен, Мойынқұм, Талас, Сарысу, Жуалы аудандарының кей жерінде әлі де жатыр.
null null null null null

Қызылордаға да көктем жетті. Қазіргі уақытта қаланың коммуналдық қызметтері қала көшелерін тазалап, жол жиектеріне, аулаларға алаңдарға гүл көшеттерін отырғызуға дайындық жұмыстарын бастап кеткен. Жұрт жеңіл киінген.
null null

Талдықорғанда күн жылы болып көрінгенімен, сыртта ұзақ жүріп қалсаң, әлі де болса қыстың ызғары бар екендігі байқалады. Дегенмен жұрт жеңіл киініп жүр, жерде қар жоқ. Бүгін сынап бағанасы +10 градусқа дейін көтеріліп, жылдамдығы секундына 16 метрге жететін жел тұратындығы күтілуде.
null null null null

Биыл Алтайда нағыз көктем. «Түске дейін мүйіз, түстен кейін киіз» деген мәтелге дәл келіп тұр. Соңғы екі күн қатарынан қыстан қалған ызғар атқа қайта қонуға талпынғанымен, көктем лебі өз дегенін істеп жатыр. Төтенше жағдайлар департаменті таратқан ақпаратқа сенсек, оңтүстікте жатқан Үржар, Зайсан, Күршім аудандарында қар негізінен еріп біткен. Ал Катонқарағай, Алтай, Шемонаиха, Глубокое аудандарында әлі де болса қар жатыр. Таулы аймақтарда қар қалыңдығы 19-25 см деңгейінде. Өскемен көшелерінде адамдар әлі қысқы киімдерімен жүр, күн сәулесі түсе бермейтін тасалау жерлерде қар әлі жатыр.
null

Семейде күн шайдай ашық болғанымен, -4 градусқа дейін салқын. Ал түнде -12 градусқа дейін суық болып тұр. Қала тұрғындары да әзірше қыстық жылы киімдерін шешуге асығар емес. Оған ауа райы да мүмкіншілік бермей отыр.

Соңғы жаңалықтар