Көктайғаққа байланысты елорда полицейлері жолда абай болуға шақырады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болуына байланысты полиция жүргізушілерден барынша сақ болуын және жол қозғалысы ережесін қатаң сақтауын сұрайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, кеше елордада 80 жол-көлік оқиғасы тіркелді, 1 адам зардап шеккен.

«Жүргізушілер қозғалыс кезінде барынша мұқият және сақ болуға, жылдамдық режимін, қауіпсіз ара қашықты және маневр жасау ережесін мүлтіксіз сақтауға, сондай-ақ кенет тежеуден аулақ болуы тиіс.

Жаяу жүргіншілерден жолды тек белгіленген орындардан өтуді сұраймыз. Осыған байланысты, біз жүргізушілерге жаяу жүргіншілер өткелінің алдында қозғалыс жылдамдығын барынша төмендетіп, оқу орындарының жанында өте мұқият болу керектігін ескертеміз», делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар