Көктайғақ, жел, жауын - жұмаға арналған ауа райы болжамы
2021 жылғы 3 желтоқсан 00:58

Көктайғақ, жел, жауын - жұмаға арналған ауа райы болжамы

НҰР-CҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазгидромет 3 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанның бөлігі солтүстік-батыс циклонның жырасының және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің ықпалында болғандықтан - жауын-шашын жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ және жаяу бұрқасын болады. Ал республиканың оңтүстігінде шаңды дауыл, найзағай күтіледі. Кей жерлерде тұман және жел күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының батысында түнде, басым бөлігінде күндіз жел 15-23 м/с күшейеді, облыстың батысында, орталығында және шығысында жаяу бұрқасын, күндіз солтүстік-батысында тұман, көктайғақ күтіледі. Қарағанды облысының батысында, орталығында түнде, солтүстігінде, шығысында, орталығында күндіз көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, облыстың солтүстігінде, шығысында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында жел 15-20 м/с күшейеді, кей жерлерде жаяу бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі.

Қостанай облысының шығысында түнде, көктайғақ, жаяу бұрқасын, оңтүстігінде тұман күтіледі, күндіз батысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Павлодар облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі, солтүстігінде, батысында жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, таулы аудандарында жел 15-20 м/с, түнде және таңертең екпіні 23 м/с күшейеді, облыстың оңтүстік-батысында шаңды дауыл, тау және таулы аудандарында тұман түседі.

Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, тау, таулы аудандарында жел 15-23 м/с күшейеді, облыстың батысында, солтүстігінде шаңды дауыл, күндіз таулы аудандарында найзағай жарқылдайды.

Ақтөбе, Қызылорда облыстарының солтүстігінде, Атырау облысында түнде және таңертең, Маңғыстау облысының батысында тұман болады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында тұман, көктайғақ күтіледі.


Jańalyqtar

MURAǴAT