Көктайғақ, тұман, жел – сейсенбіге арналған ауа райы болжамы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сейсенбі күні еліміздің басым бөлігінде күн райы ашық болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Антициклон шоғырына байланысты еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек солтүстік-батыс және шығыс өңірде қар және жаңбыр жауады. Кей жерлерде жел күшейеді, көктайғақ болады, тұман түседі, тек шығыста жаяу бұрқасын соғуы ықтимал.

Ақмола, Қостанай, Солүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл, Маңғыстау, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман, Түркістан, күндіз Жамбыл, Павлодар, Қарағанды, түнде Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Соңғы жаңалықтар