+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

Көктайғақ, тұман, жел - 4 желтоқсандағы ауа райы

2019 жылғы 4 желтоқсан 01:05
Бөлісіңіз:
Көктайғақ, тұман, жел - 4 желтоқсандағы ауа райы

НҰР-CҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК 4 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтөбе мен Балқашта ауа сапасы нашарлайды Қазгидромет: Желтоқсанның 14-і күнгі ауа райы болжамы Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына қатысты ескерту жарияланды

Сәрсенбіде Қазақстан территориясының басым бөлігінде ауа ағындарының өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерде жаңбыр және қар жауады. Тек республиканың оңтүстік-шығысы антициклонның ықпалында болғандықтан жауын-шашынсыз. Республиканың кей жерлерінде – тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, желдің күшеюі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болып, тұман түседі, желдің күші 15-20, Жарма ауданында күндіз – көктайғақ, желдің екпіні 25 м/с жетеді.

Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Актөбе облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, Ақмола облысының күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің жылдамдығы 17-22 м/с жетеді, түнде кей жерлерінде тұман күтіледі.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, таңертең және күндіз көктайғақ болуы ықтимал. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз жаяу бұрқасын болады.

Түркістан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Ауа райы, Қазгидромет,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT