Көктайғақ, тұман: 8 өңірде ескерту жарияланды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК 30 қыркүйекте ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жолдарда көктайғақ болады. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, облыстың батысында, орталығында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с артады.

Түнде Абай облысының солтүстігінде тұман болжанады. Жолдарда көктайғақ болады. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, өңірдің батысында, орталығында, оңтүстігінде күші 15-20 м/с жетеді.

Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, өңірдің орталығында күші 15-20 м/с артуы ықтимал. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында шаңды дауыл тұрады. Шығыстан жел соғады. Күндіз тау асуларында екпіні 25 м/с күшейеді. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде Жетісу облысының таулы аудандарына тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, шығыста екпіні 25 м/с артады.

Түнде Павлодар облысының солтүстігінде, батысында тұман күтіледі.

Қостанай облысының батысында көктайғақ болады. Өңірдің солтүстігінде тұман болжанады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.








Ашық көздерден алынған фото

Соңғы жаңалықтар