Көктайғақ пен тұман: Алматы құтқарушылары ауа райына байланысты ескерту жасады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қалада көктайғақ пен тұман болуына байланысты қалалық төтенше жағдайлар департаменті қала тұрғындарын абай болуға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық төтенше жағдайлар департаменті қар мен көктайғақ кезінде көліктің жүрісі нашарлап, жүргізуші көлікке ие бола алмай, жаяу жүргіншілерді қағып кетуі мүмкін екенін еске салды.

Осыған орай, Алматы қалалық ТЖД мынадай мәлімдемесін жария етті:

- көшелерден тек жол қозғалысы ережесімен белгіленген орындардан ғана өту керек;

- жолдан өткен кезде, басқа істерге (ұялы телефонмен сөйлесу және т. б.) алаңдамаңыз;

- алдыңызға, аяқтың астына қарап жүріңіз;

- аяқ киімді дұрыс таңдау аудару керек. Аяқ киім бұдырлы өрнегі бар, тайғанамайтын материалдан жасалған, тегіс табанды болуы тиіс;

- қолыңызды қалтаңызға салмаңыз, бұл мұзда тепе-теңдікті сақтауға мүмкіндік береді;

– есіңізде болсын, жаяужолдар, көлік аялдамалары, дүкендерге кіре берістегі баспалдақтар, тіпті, үйлердегі кіреберістер - адамдар жиі жарақат алып, құлайтын орындар болып табылады.

Бұған дейін Қазақстанның басым бөлігінде фронттардың өтуіне байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты сақталып, жауын-шашын жауатынын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар