Көктайғақ: Өскеменде екі күнде 70-тен астам адам жарақат алды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында көктайғақ салдарынан екі күнде 70-тен астам адам жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО мамандандырылған медициналық орталықтың мәліметіне сүйенсек, соңғы күндері Өскеменде көктайғақ салдарынан зардап шеккендер саны күрт артқан.

«6 желтоқсан күні 40 адам, 7 желтоқсанда 36 адам тайғанақтан құлап, жарақат алды. Сондай-ақ Семей қаласында кеше дәл осындай себеппен 40 адам медициналық мекемелерге жүгінді. Оның ішінде 15 бала бар. Осы ретте, тұрғындарға көктайғақтан құлап, қол-аяғы ауырған жағдайда міндетті түрде дәрігерге қаралу қажеттігін ескертеміз», - делінген ақпаратта.

Естеріңізге сала кетсек, кеше ШҚО-да көктайғаққа байланысты бірқатар жол жабылғаны хабарланған.


Соңғы жаңалықтар